Павлодарда жаңадан салынып жатқан ғимарат қирап, үш адам зардап шекті

Павлодарда жаңадан салынып жатқан ғимарат қирап, үш адам зардап шекті

Павлодарда жаңадан салынып жатқан ғимарат қирап, үш адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Павлодарда жаңадан салынып жатқан үш қабатты үйдің ішкі жағы опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Салдарынан үш жұмысшы зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рашид Өтеуов мәлімдеді. Екі қабаттағы құлаған еден аумағы 60 шаршы метр. Қазір оқыс жағдайға байланысты тергеу басталды.