Аралда төтенше жағдай жарияланады

Аралда төтенше жағдай жарияланады

Аралда төтенше жағдай жарияланады
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының Арал ауданында қатты ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына өңірде төтенше жағдай режимін жариялау жоспарланып отыр. Ресми мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде 500-ден астам мал қырылды.
"Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың тапсырмасына сәйкес, қазір Арал ауданында төтенше жағдай жариялауға байланысты құжаттар дайындалып жатыр. Осы режимнің енгізілуін негіздеу үшін қажет кейбір зерттеулерді аяқтау ғана қалады", - деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.
Әбішевтің айтуынша, Арал ауданының кейбір елді мекендері құрғақшылықтан зардап шеккен.
"Мамандар шөптің биылғы шығымына қатысты ауданды шартты түрде үш санатқа бөлді. Яғни, қызыл, жасыл, сары. Қызыл аймаққа 13 елді мекен енді. Өйткені, жайылымдық жер 90 пайызға құрғап кеткен. Ал сары аймақтағы елді мекендерде шөп бар. Жасыл түспен белгіленген елді мекендерде шөптің шығымы жақсы", - деді Еркін Әбішев.
Гүлшара Әбдіқалықованың тікелей нұсқауы бойынша мал азығы аудан шаруашылықтарына жеткізіліп жатыр.
"Өңірге 51880 жоңышқа және 2000 қап жем жеткізілді", - деп түсіндірді Арал ауданы әкімінің орынбасары.
Қазір Арал ауданында ескі 15 су құдығы тазартылуда. Оларды қалпына келтіру жайылымдардағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.