Жаңалықтар

Елбасы кітапханасы «Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялады

Байқау 2021 жылғы 21 маусым мен 30 тамыз аралығында өтеді

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялады.

Абайдың әдеби мұрасын насихаттау,  жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыруды мақсат ететін байқау 2021 жылғы 21 маусым мен 30 тамыз аралығында өтеді.

Байқауға қатысу үшін Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсіру керек (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде). Түсірілген бейнежазба Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне #біздіңАбай, #Абайәдебиетэстафетасы, #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегтерімен жүктелуі тиіс.

Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша үздік оқушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.

Back to top button