Жаңалықтар

Қазгидромет: Кей аймақтарда қатты құрғақшылық болуы мүмкін

Қазгидромет 2021 жылғы маусым айындағы құрғақшылық болжамын жариялады.

Еліміздің кей аймақтарындағы ылғалдылық жағдайының статистикалық болжамына сәйкес, маусым айында ылғал жеткіліксіз болады деп күтілуде.

Әсіресе Ақмола (Жақсы ауд.), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауд.) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауд.) құрғақшылық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болжануда», – делінген хабарламада.

image

Back to top button