Қазақстан домбырашылары Bridge TV жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан домбырашылары Bridge TV жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан домбырашылары Bridge TV жүлдесін жеңіп алды
ашық дереккөзі
Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Bridge TV телеарнасының жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Музыканттар "Үздік аспаптық дуэт" номинациясын жеңіп алды.
"Бізді шілдеде Түркияға жеке концерт беруге шақырды", - деп жаңалығымен бөлісті Темірлан Олжабай.
2005 жылы құрылған Bridge MEDIA компаниялар тобы Ресей мен ТМД елдеріндегі танымал музыкалық телеарналардың ірі холдингі. Холдингке 5 музыкалық телеарна және 12 онлайн-радиостанция кіреді. Домбырашылар Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезде топ құрған. Айман Мұсақожаевамен бірге бүкіл Еуропаны аралап шықты. Түркияда, Израильде, Еуропа қалаларында өнер көрсетті. Димаш Құдайбергеновпен I ' m a Singer конкурсында өнер көрсеткеннен кейін танымал болды. Олар 2021 жылғы мамырда Golden Time Talent халықаралық фестивалінде бірінші орын алды.