Иранда жаңа президент сайланады

Елде 67 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылған

Иран бүгін жаңа президентін сайлайды, деп хабарлайды www.24.kz.

Олардың арасында Жоғарғы сот төрағасы Ибрагим Раиси, бұрынғы Вице-президент Мохсен Мехрализаде және Орталық банк басшысы Абдол-нассер Хеммати бар. Кей кандидаттар дауысқа түсуден бас тартты.

Халық арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда сот жүйесінің басшысы Ибрагим Раиси қарсыластарынан озуы мүмкін.

Жалпы елде 67 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылған. Дауыс беру таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін созылады. 59 миллион адамның дауыс беру құқығы бар.

Ал додада жеңіп шыққан саясаткер 2013-ші жылдан бері елді басқарып келе жатқан президент Хасан Руханиды ауыстырады.

Back to top button