Жапония Байден мен Путиннің кездесуі туралы не ойлайды?

Жапония Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Катсунобу Като баспасөз конференциясында  Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің келіссөздері алдында ол жайында түсініктеме сұраған журналистерге «Жапония үкіметі Ресей мен АҚШ-ты «әлемдік аренадағы маңызды ойыншылар» деп санайды және екі мемлекеттің әрекеттерін мұқият қадағалауды жалғастыруда, − деп жауап берді.

Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі осы аптаның сәрсенбісінде де Женевада өтті. Келіссөздер үзіліс уақытымен қоса алғанда 4,5 сағатқа созылды.

Путин Байденмен ведомствоаралық деңгейде стратегиялық тұрақтылық бойынша консультациялар бастауға келіскенін айтты. Оның айтуынша, екі ел де әлемдегі стратегиялық тұрақтылық үшін ерекше жауапкершіліктерін сезінеді. Сонымен қатар, президенттер бірлескен мәлімдеме қабылдады, онда Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары ядролық соғыста жеңімпаздар бола алмайды және ешқашан ондайға жол бермеу керек деген қағидатты ұстанатындықтарын тағы да растады. Дәл осы қағиданы 1985 жылы Женевада өткен кездесуде КСРО мен АҚШ басшылары бекіткен болатын.

Back to top button