Қапырық әрі лас: Депутат пойыз вагондарының сапасын сынға алды

Қапырық әрі лас: Депутат пойыз вагондарының сапасын сынға алды

Қапырық әрі лас: Депутат пойыз вагондарының сапасын сынға алды
ашық дереккөзі
"Міне, пойыздар жазғы маусымға "дайын".  Әдеттегідей қапырық, лас", - деп депутат Ирина Смирнова өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Liter.kz. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өзінің сыни жазбасын Мәдениет және спорт министрлігіне бағыттады. Оның айтуынша, жолаушылар вагондары жазғы маусымға дайын емес.
"Мәдениет және спорт министрлігі, мүмкін бұған да бірдеңе ойлап табасыздар? Тым құрығанда вагондарды тазалап жуу керек. Ал билет бағасы шарықтап тұр", - деп жазады депутат.
Дәлел ретінде ол Нұр-Сұлтан – Алакөл бағытындағы пойыздың фотосуретін жариялады.  width= "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі қандай да бір мәлімдемеден бас тартты. Олардың айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" тек пойыздарының сапасын реттейді. Жеке тасымалдаушылардың вагондары олардың құзыретінде емес. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол билеттері қымбаттады. 2020 жылғы сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алты жыл ішінде 600 вагон жаңартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұған дейін ҚТЖ-да 2028 жылға дейін өз вагондарының жартысына жуығы есептен шығарылатынын хабарлаған болатын.