Жаңалықтар

Қапырық әрі лас: Депутат пойыз вагондарының сапасын сынға алды

ашық дереккөзі

Қапырық әрі лас: Депутат пойыз вагондарының сапасын сынға алды

"Міне, пойыздар жазғы маусымға "дайын".  Әдеттегідей қапырық, лас", - деп депутат Ирина Смирнова өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Liter.kz. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өзінің сыни жазбасын Мәдениет және спорт министрлігіне бағыттады. Оның айтуынша, жолаушылар вагондары жазғы маусымға дайын емес. "Мәдениет және спорт министрлігі, мүмкін бұған да бірдеңе ойлап табасыздар? Тым құрығанда вагондарды тазалап жуу керек. Ал билет бағасы шарықтап тұр", - деп жазады депутат. Дәлел ретінде ол Нұр-Сұлтан – Алакөл бағытындағы пойыздың фотосуретін жариялады.