Ақтөбе облысында өртенген көліктің ішінде болған екінші бала да көз жұмды

17 маусым, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында өртенген көліктің ішінде болған екінші бала да көз жұмды Кеше Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылының ауласында тұрған ВАЗ-2106 көлігі өртенді. Көлік ішінде екі бала ойнап отырған. Өрттің неліктен тұтанғаны белгісіз, деп хабарлайды mgorod.kz. Ақтөбе облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, 7 жастағы бала көліктен шығып үлгерген, оның 3 жасар інісі іште қалып қойған.
- 7 жастағы бала 4-дәрежелі күйік алды, жағдайы өте ауыр, облыс орталығынан анестезиолог-реаниматолог және комбустиолог Әйтеке би ауданына шықты,- деп хабарлады кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бала санавиациямен облыс орталығына жеткізілуі керек еді, бірақ ол, өкінішке қарай көз жұмды.