Жаңалықтар

Жастарға берілген сайлауалды уәделердің орындалуы «Nur Otan» бақылауында

ашық дереккөзі

Жастарға берілген сайлауалды уәделердің орындалуы «Nur Otan» бақылауында

 «Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету бойынша «Nur Otan» партиясының Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері елордалық жол картасының нақты тармақтарының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, Кеңес мүшелері – Парламент Мәжілісі «Nur Otan» фракциясының депутаттары, қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының көшбасшылары «Жастар» сарайында күрделі жөндеу жүргізу барысын тексеріп, әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысымен танысты. Бірінші нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілетін «Жастар» сарайы болды. 47 жыл бұрын салынған көпфункционалды кешенде күрделі жөндеу алғаш рет жүргізілуде. Айта кету керек, «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жол картасы аясында аталған ғимарат базасында «Жастар үйі» ашылады. Осылайша, елордада өзіндік шығармашылық хабқа айналатын креативті жастар кластерінің жаңа аймағы құрылады. «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры, Кеңес мүшесі Тоқтар Болысов атқарушы билік өкілінің назарын жұмысты сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығына аударды: «Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, салынып жатқан үйлердің сапасына ерекше назар аудару өте маңызды. Сонымен қатар, құрылыс кезінде әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері үшін де мүмкіндік қарастыру қажет. Жобаның стратегиялық маңызы бар, салынып жатқан тұрғын үй мыңдаған мұқтаж адамдарды қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді». Республикалық қоғамдық кеңес құрамы 28 адамнан, атап айтқанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары, партияның белсенді мүшелері, жастар ұйымдары өкілдері, сарапшылар, праймериз қатысушылары мен жеңімпаздары және партияның кадрлық резерві мүшелерінен тұрады. Сонымен қатар, өңірлерде де 216 аймақтық жастар кеңесі құрылып, жергілікті жастар мәселелері бойынша жұмыс жасайды.