Арыстанбек Мұхамедиұлы Алаша ханды зерттеуге кірісті

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Алаша ханды жан-жақты зерттеуге кірісті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар, сіздерге ерекше үндеумен шығып отырмын. Өздеріңіз білетіндей,  көптен бері еліміздің тарихын және аты аңызға айналған тұлғаларды жан-жақты зерттеп келемін. Әсіресе, мифтік образ деңгейінде қалып қойған Алаша хан төңірегіндегі жұмбақ  мені ешқашан бейжай қалдырған емес.

Алаша ханның шын мәнінде кім екенін  анықтау үшін, бүгін мен халықаралық қоғамдастыққа үндеу жариялауға бел шештім.

Әрине, менің  пайымым пікірталас,  бәлкім халықаралық резонанс тудыруы мүмкін, алайда бұл сырттағы елдің біздің тарихымызға, ата-тегімізге қызығушылық тудырары сөзсіз.

Көнеден сыр шерткен тарихы бай, Еуразия орталығындағы   Ұлы Дала Елі  әлемдегі ең ежелгі өркениеттер тоғысынан орын алады.

Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бүгінгі мұрагері қазіргі Қазақстан болып табылатын Түркі қағанаты аумағында, содан кейін Дешті Қыпшақ кеңістігінде ерекше мәдениеті бар мемлекеттер бой көтеріп дамығаны аян.  Қыпшақ даласында құрылған Ұлық ұлыс кейіннен Алтын Ордаға айналғанын білесіздер.

Алайда, дәуір тынысы тар қапаста қалып қойып, кей ретте, тіпті талай бұрмаланды. Демек, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жаңғырту үшін,  Отанымыздың әрбір патриоты бұған өзіндік үлес қосуға міндетті, өйткені бабалар үні соны меңзейді. Ең алдымен өз ойларымды ортаға     (кесімді пікір емес) салмас бұрын, кезінде талай талқыға және пікірталастарға себеп болған өзім ерекше қадірлейтін Олжас Омарұлы Сүлейменовтың «Аз и Я. Ізгі ниетті оқырман кітабы»  есіме оралады» деп жазды А.Мұхамедиұлы.

Back to top button