Алматы: Пандемия жағдайында да экономикалық өсу қарқынды жүріп жатыр

Алматы: Пандемия жағдайында да экономикалық өсу қарқынды жүріп жатыр

Алматы: Пандемия жағдайында да экономикалық өсу қарқынды жүріп жатыр
ашық дереккөзі

Биыл жыл басынан бастап еліміздің ең ірі мегаполисі − Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан айтарлықтай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өкімімен жасалған «Алматы 2050» стратегиясында көзделген мегаполистің ұзақмерзімді дамуына арналған шаралардың пандемия кезінде де дұрыс атқарылып жатқанының көрінісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша Алматы қаласы жалпы өңір­­лік өнімнің 19,7 пайызын көрсетіп, ел эко­но­микасына қосқан үлесі бойынша жетекші орын­ға ие болды. Ал 2021 жылдың алғашқы бес айында экономиканың барлық базалық са­лалары тұрақты оң өсу қарқынын көрсетіп отыр. Яғни, өткен жылғымен салыстырғанда өнеркәсіп 19,7 пайызға, құрылыс 24,7 пайыз­ға, байланыс қызметтері 13,4 пайызға, сауда 4,7 пайызға өскен. Қала халқының әл-ауқатын көтеру үшін ең маңыздысы бағаның шектен тыс өсіп кетуін болдырмау. Бұл орайда Ал­ма­ты қаласында 19 әлеуметтік маңызды тауар­лар­ға бағаны тұрақтандыру үшін 7,9 мил­лиард долларға жуық қаражат бөлінген. Инвестициялар ағыны экономиканың тұрақтылығының көрсеткіші са­на­ла­ды десек, Алматы инвестициялық кли­мат­тың жетекші рейтингіне ие. Дүниежүзілік банк­тің рейтингі бойынша қала бизнесті жүр­гізу бойынша Қазақстанның барлық ай­мақтары арасында бірінші орында тұр және ин­вестициялық тартымдылық жыл сайын арт­ып келеді. Дағдарысқа қарамастан, негізгі капи­тал­ға инвестициялар көлемі 32,7 пайыз­ға өскен. Инвестициялардың өсуінің не­гізгі көзі кәсіпорын иелерінің қаражаттары де­сек, қазір олардың үлесі 68 пайызға жеткен. Жаһанды жайлаған пандемия әлем­нің барлық елінде экономикалық қиын­шылық тудырып отыр. Сондықтан Ал­ма­ты қаласы бойынша зардап шеккен сала­лар үшін салықтық ынталандыру шаралары жа­салып, нәтижесінде жұмыспен қамту ша­ра­лары 14 110 адамды қамтыды, оның ішінде 392 адам жұмыспен қамтудың жол картасы бойын­ша нәпақасын табатын болды. Өткен жылы жетпіс төрт мыңнан аса кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды, үш мың зардап шеккен салалардың қа­рыз алушылары несие мерзімін ұзартты, үш жүз жиырма үш кәсіпкер коммуналдық мен­шікке жалдау төлемдерін төлеуден бо­сатылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің 1 000-нан астам жобасы арзан бағамен қар­жы­лан­дырылды. Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру олардың табатын табысына бай­ла­нысты десек, Алматыда орташа айлық жала­қы 268 463 теңгені көрсетіп, республикалық дең­гейден 16,3 пайызға жоғары екенін көр­сетті және ол жыл сайын өсіп келеді. Алматыда индустриялық-өндірістік аймақтарда бизнес үшін барлық жағ­дай жасалған. Қай жерде болса да іскерлер өз кәсіпорнын ашып, дамыта алады. Сондықтан өз өнімдерін сауда нарығына дейін жеткізуге көлік шығындары болмайды. Қазір қалада кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының ар­қасында өткен жылға қарағанда шағын жә­не орта бизнес саласында жұмыс істейтін су­бъектілер саны бір пайыздай өсім көр­сет­кен. Бизнестің дамуы үшін кез келген жобаны іске асыруда банктер тара­пы­нан берілетін несиенің маңызы зор. Бұл жа­ғынан алғанда да Алатау баурайындағы алып шаһарда орналасқан банктер осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қажет тұлғаларға үш триллион теңгеден астам не­сие берген (ол елімізде берілген барлық не­сие­лердің 53 пайызынан артық). Оның 644 млрд теңгеге жуығы шағын бизнеске берілген несиелер, бұл елдегі шағын кәсіпкерлік су­бъек­тілері берген барлық несиелердің алпыс алты пайызға жуығы. құрайды. Жалпы, ша­ғын бизнесті несиелеу жыл басынан бері 2,6 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінде динамикалық өсім байқалады. Кейбір өңдеуші са­ла­ларда өткен кезеңмен салыстырғанда өсу қарқыны байқалды. Сусындар өндірісі төрт, қа­ғаз және қағаздан жасалған бұйымдар жиыр­ма бір, резеңке және пластмасса бұйым­дары сексен пайызға жуық, басқа металл емес минералды өнімдер жиырма жеті жарым, дайын металл өнімдері 92,3 пайызға дейін өсті. Елімізде аса маңызды істің бірі − ав­то­кө­лік өндірісі. Оны шешу үшін шетел­дік көліктерді өзімізде құрастыру ісі талай жылдан бері жүргізіліп келеді. Ал осыдан екі жыл бұрын Алматыда индустриалды аймақта ашылған Hyundai зауыты өткен жылы ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру үшін 6 жарым мыңнан аса көлік шығарса, биылғы қаңтар-мамыр айлары арасында 10 мыңға жуық жеңіл автокөлік шығарған. Бұл осы зауыт­та машина жасау деңгейінің бес есеге жуық өсім көрсеткенін дәлелдейді. Қала экономикасының негізгі секторы сауда саласы екені белгілі. Пандемия кезін­де көп зардап шеккен бұл саланы қал­пы­на келтіру үшін жұмыс істеп, Алматы рес­­­публикадағы барлық сауданың шамамен үштен бірін алады және осы салада көшбасшы болып саналады. Қала ел көлемінде бөлшек сауданың 31 пайыздан астамын және көтерме тауар айналымының 41 пайызға жуығына тең. Бөлшек саудада тауарлардың кең ассор­тименті елу пайыздай, киім және аяқкиім бес пайыз, автомобильдер мен қосалқы бөл­шек­тер сатылымы мен құрылыс материалдары бес пайызға жуық, компьютерлер, фарма­цев­тикалық өнімдерде он пайыздай өсу бай­қал­ды. Сауда орындарының таза және ың­ғай­лы болуы қызмет сапасын арттыра­тыны белгілі. Бұл орайда Алматыдағы жұмыс істеп тұрған 52 көтерме және бөлшек сауда ба­зарлары 23-ін жаңартуға 20 миллиард тең­ге инвестиция құйылған. Сондай-ақ осы жыл­дың соңына дейін 6 базар, 2022 жылдың соңы­на дейін 23 базарды жаңарту үшін қар­қын­ды жұмыстар жүргізіп жатыр. Заман талабына сай бүгінде қалада электронды сауданың дамып жатыр. Мә­селен, елімізде қолжетімді интернет-дү­кендердің шамамен алпыс пайызы (рес­публика бойынша – мың жарым, Алматыда – тоғыз жүз жетпіс) Алматыда жұмыс істейді, олар барлық интернет-сауда мен қызметтердің жетпіс бес пайызына тең. Пандемия жағ­дайынд­а өткен жылы электронды сауданың кө­лемі бір жыл ішінде екі жарым пайызға жуық өсті. Сонымен қатар алдыңғы және өткен жылмен салыстырғанда осы жылдың ал­ғаш­қы бес айында мемлекеттік бюджетке электронды коммерциядан 1,7 есе көп салық түсті. Алматы республикалық бюджеттің үле­с­індегі донорлардың бірі екені бел­гілі. Жалпы, қаланың жергілікті бюджеті – 984 млрд теңге, оның қырық пайыздан астамы әлеуметтік салаға − білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және спорт салаларына жұмсалады. Қаңтар-мамыр айларында бюджетке 1,1 триллион теңгеден аса қаражат түсті, ол өткен жылдан 248 млрд теңгеге артық. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-бағдарланған іс-шараларға арналған шығыстарды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Аталған қаражат сегіз мектеп пен он үш қосымша құрылысты жалғастыруға, жолаушылар тасымалдау үшін жаңа авто­бустар сатып алуға, жеке балабақшаларға мем­лекеттік тапсырыс орналастыруға, Ба­қытты отбасы бойынша 223 отбасына жеңіл­дікпен несие беруді қаржыландыруға, барлық әлеу­меттік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі адам­дарды оңалтуға және тренажерлармен то­лық қамтамасыз етуге және басқа да шы­ғындарға жұмсалды. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің 63 пайыздан астамы корпоративтік табыс салығы және еңбекақы төлеу қорынан түсетін салықтар есебінен орта және шағын бизнеспен қамтамасыз етіл­ген. Сондықтан бұл арада бірыңғай зейнетақы төлемдерін төлеу салық түсімдері есе­бінен қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызме­тінің онлайн баспасөз конференциясында ШОБ қолдау мен қала тұрғындарын жұмыс­пен қамту шаралары туралы хабарлады. Оның айтуынша, биыл 1 маусымға дейін Ал­матыда 31 мың жұмыс орны ашылған. Өткен жылы 74 мыңнан астам кә­сіп­кер салықтық жеңілдіктерге ие бол­ды. Зардап шеккен салалардың үш мың қарыз алу­шыларының несиелері кейінге қал­дырыл­ды, үш жүзден астам кәсіпкер коммуналдық мен­шік нысандарында жалдау ақыларын тө­леуден босатылды. Арзан мөлшерлеме бойын­ша кәсіпкерлердің мыңнан астам жо­балары қаржыландырылды. Міне, осыларды саралай келе Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев­тың кешенді әлеуметтік-бағдарланған сая­саты нақты нәтижелер әкелетінін көруге бола­ды. Тіпті, пандемия кезінде де адамдарды жұ­мыспен қамтудың барлық мүмкіндіктері жа­салып, олар өзгеріп отырған еңбек нары­ғында жаңа дағдыларды игеріп жатыр.

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ