Жаңалықтар

Жамбыл облысында атыс болып, 5 адам жарақаттанды (видео)

Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады

Жамбыл облысы Сарысу ауданында атыс болып, бес адам жарақат алды, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сарысу аудандық полиция бөліміне Сарысу аудандық орталық ауруханасынан 20, 22 және 24 жастағы бес тұрғын жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу). Жанжал бұзақылық ниетпен болғаны анықталды, оның барысында күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше оқ атқан», – деді полиция.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://youtu.be/3jUExJehppY

Back to top button