Ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арналған кітап жарық көрді

Ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арналған кітап жарық көрді

Ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арналған кітап жарық көрді
ашық дереккөзі
Ертең, яғни 18 мауым күні Алматы қаласында сәуір айында өмірден өткен белгілі ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлын еске алу кеші өтеді.  Аталған жиында ақын Ержанат Байқабайдың “Боталар неге боздайды?” атты жыр жинағының тұсаукесері рәсімі жасалады.  Жинақта ақын Жәркен Бөдешұлының рухына арналып жазылған өлеңдер топтастырылған. Онда Жәркен жыраудың туған жері мен өскен ортасы, қилы тағдырын ақын тіліне тиек етеді. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып отырған бұл шараға Жәркен ақынның көзін көрген қаламгер замандастары және іні-қарындастары қатысады. (Уақыты: 2021 жыл. 18 маусым, сағат: 16:00 де. Орыны: Құрманғызы 40, “Достық үйі”)