Жаңөзенде ҚазМұнайГаз зауыты өртенді

Жаңөзенде ҚазМұнайГаз зауыты өртенді

Жаңөзенде ҚазМұнайГаз зауыты өртенді
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехында өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
– Өрт 23:52-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деді компанияның баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ҚазГПЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық төтенше жағдайларды жою бөлімінің 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды. Жеке құрамның, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің себептері анықталып жатыр.