Жаңалықтар

Жаңөзенде ҚазМұнайГаз зауыты өртенді

Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ

Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехында өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

– Өрт 23:52-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деді компанияның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ҚазГПЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық төтенше жағдайларды жою бөлімінің 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Жеке құрамның, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Қазір өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің себептері анықталып жатыр.

Back to top button