Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
1992 жылғы 20 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­тысуы­мен Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті. 1992 жылғы 20 маусымда Алматыдан Үрімжіге алғашқы халықаралық темір жол қатынасы ашылып, бірінші жолаушылар пойызы аттанды. 1992 жылғы 24 маусымда Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбек­стан Республикалары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылғы 23 маусымда Елбасы Н.Назарбаевтың Қаулысымен Алматы шет ел тіл­дері педагогикалық институты Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті болып қайта құрылды. 1994 жылғы 21 маусымда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Ақмола, Атырау, Павлодар, Талдықорған облыстарында аймақтық университеттер құрылды. 1997 жылғы 21 маусымда Будапештте венгр тілінде шыққан Қазақстан Президен­ті Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының тұсаукесері өткізілді. Оның алғысөзін Венгрия Президенті Арпад Генц жазған. 1998 жылғы 22 маусымда Қытайда Н.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты кітабы жарық көрді. 2009 жылғы 20 маусымда Ақтөбеде Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдиновке арналған ескерткіш ашылды. 2009 жылғы 24 маусымда «Қазақмыс» тобы Балқаш металлургия өндірісінің бағалы металдар цехында құйма күмістерді құю бойынша жаңа желіні іске қосты. 2010 жылғы 23 маусымда Иорданияның астанасы Амман қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшені салтанатты ашу рәсімі өтті. 2010 жылғы 23 маусымда Душанбеде Тәжікстан Журналистерінің одағында тәжік ті­лінде «Панднома» деп аталатын Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болып өтті. 2017 жылғы 20 маусымда режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде үздік көркем фильм атанды. Фильм продюсері Әлия Назарбаева «Кинодағы еуразиялық әйелдер» наградасын иеленсе, Алтынай Нөгербек үздік актриса деп танылды.