Жаңалықтар

Túrkistan газеті – Түркістан төрінде

ашық дереккөзі

Túrkistan газеті – Түркістан төрінде

Биыл Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жыл­дық мерейтойы. Айтулы дата қарсаңында Túrkistan газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай оқу орнына арнайы барды. Жиын­да Túrkistan газеті жинағының таныстырылымы өтіп, универ­ситет кітапханасына кітаптар топтамасы сыйға тартылды. Басқосуға университет проректоры Асқар Тұрған­баев, журналистика кафедра­сының оқытушы-профес­сор­лары мен БАҚ өкілдері, студенттер қатысты. Жур­налистика кафедра­сының студенттері сұрақ қойып, тұ­шымды жауап алды. «Тәуелсіздікпен құрдас, Түркістанмен қатар дамып, оның негізгі рухани орда­сы­ның біріне айналған Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті көне шаһар мәдениетінің дамуына үл­кен үлес қосып отыр. Халықаралық уни­верситеттің білікті кадр, білімді маман даяр­лаудағы еңбегі де ерекше. Алдағы уа­қытта университетпен тығыз байланыс ор­натып, бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай. Басқосудан кейін университеттің музейінде болған басылым басшысы құрметті мейман есебінде Тілектер кітабына өз лебіз-тілегін жазып қалдырды. Одан кейін Қуат Әуесбай жаңадан салынған Алатау медиаорталығында болып, Túrkistan халықаралық телеарнасының «Түркістан төрінде» бағдарламасына сұхбат берді. Айта кетейік, аталған жинақ басылымның шыға бастағанына 25 жыл толуына орай құрастырылып шығарылды. Жинаққа 1994 жылдан бері газетте жарық көрген үздік материалдар іріктеліп енгізілді. Бұған дейін кітаптың таныстырылымы елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен болатын.