Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Орта Азиядағы үздік университет

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры

Биыл мемлекетіміз үшін маңыз­­­ды мереке – ел Тәуел­сіз­­дігіне 30 жыл толып отыр. Бұл – өткенге есеп беріп, келешекке нақты жос­пар жа­сай­тын үлкен белес. Ға­сырлар бойы бо­дандықтың бұғауын­да болған ел үшін осы жылдардың әрбір сәті маңызға ие.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев ай­т­қан­дай, «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұс­тау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Ота­ным деп санайтын әр адамның басты борышы, биік мақсаты» болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқы­ту­шы-профессорлары азаттықтың ақ таңын­да өздеріне артылған осы міндетті ай­қын түсініп, сенім үдесінен шы­ғуға жұ­мыла кірісті. Мемлекет мін­деттеген бі­лім беру жүйесін сапалық жа­ғынан жақ­сар­туға, ғылымды басқару мен қаржы­лан­дырудың құқықтық-заң­намалық базасын қалыптастыруға күш салды. Уақыт көшінен қалмай, жаңа заман­ның талаптарына сай даму ке­зеңінен өтті, жаңа ізденістерге жол ашты.
Егемен ел болып, елдің рухы кө­теріл­­ген шақта университетке ұлы эн­цик­­ло­пе­дист-ғалым Әбу Насыр әл-Фара­бидің аты беріл­ді.
Жылдар бойы іргелі оқу орнында еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген бі­­­­­лік­­ті ұстаздар ғылыми мектебін қа­лып­­­тас­тырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сө­зінде: «Ұлы бабамыз әл-Фара­би есімімен ата­латын бұл уни­вер­ситет – еліміздегі жо­ғары оқу орын­дарының көшбасшысы. Осы жыл­­дарда тамаша ұстаздар шоғырының бір­­неше буыны жемісті еңбек еткен бұл уни­­верситетті мыңдаған білікті мамандар бі­ті­ріп шықты» десе, енді бірде: «Сіздер уни­­вер­си­тет қабырғасында тек білікті ма­ман ғана емес, уақыт талабына жауап бе­ре­тін тұлға дайын­дауларыңыз қажет» деп, оқу орнына зор жауапкершілік жүк­те­ген болатын.

Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлем­дік «топ-200» үздік университет­тер­дің қатарына енген Қазақстан мен Орта­лық Азиядағы жалғыз университет. Стра­те­гиялық мемлекеттік және халықаралық мін­­­деттерді шешуде айтарлықтай әлеуетке ие. Жақында ғана QS жаһандық рейтингі бойын­­ша университет 175-орынға шықты. Бұл оқу орнының Тәуелсіздік тойына қосқан өзін­дік үлесі және алдағы жетістіктердің бар­лығы айтулы мерекеге арналады.
Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағында бүгінде 2 000-нан ас­там оқытушы жұмыс істейді, олардың ғы­лы­ми дәрежелігі – 81 пайыз. 500-ден астам, оның ішін­де, алыс және жақын шет елдердің же­тек­ші университеттерімен бірлесіп әзір­лен­ген білім беру бағдарламалары жүзеге асы­рылып жатыр.
Университет ғаламдық өзгерістерді ескере отырып, нейроғылым, Креа­тив­ті индустрия, Цифрлық экономика, Эко­логиялық инжиниринг, Медиа­ко­мм­у­ни­кация­лар, Деректер туралы ғылым, Цифрлық мұра­ғаттану және құжаттану, Басқарудың ин­теллектуалды жүйелері, Наноматериалдар жә­не нанохимия саласында жаңа бағдар­ла­малар енгізіп жатыр.
Мұнда еліміздің басқа универ­ситет­терін­де кездеспейтін бірегей ғы­лыми-техникалық парк құрылған. Онда Қа­зақстанда атқарылып жатқан ғылыми-зерт­теу жобаларының басым бөлігін жүзеге асы­рып отырған 30-дан астам ғылыми-зерт­теу институты мен орталығы жұмыс іс­тейді. Нewlett Packard компаниясының за­ма­науи оқу-ғылыми орталығы ашылып, Konіca Mіnoltа компаниясы университетте озық технологиялар лабораториясын құрды.
Әлемнің ең ірі 400 университетімен әріп­тестік орнатылған, Шанхай ын­тымақтастық ұйымы университеті мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы уни­вер­ситетіне магистратураға қабылдау жүр­гізі­ле­ді. Студенттердің академиялық ұтқырлығы белсенді дамып келеді.
25 мыңнан астам студент, магистрант жә­не докторанттар білім алып жатыр, олар­дың 10 пайызы әлемнің 50 елінен келген ше­телдік азаматтар. 2025 жылы шетелдік сту­денттердің үлесін 25 пайызға дейін арт­тыру міндетін қойып отырмыз. Осы мақ­сатты жүзеге асыру үшін Қырғыз Рес­пуб­ликасы, Өзбекстан, Түркия елінде 3 филиал ашу жоспарланған.
Жыл сайын еліміздің ғылыми-тех­ни­калық дамуының маңызды басым­дық­тары бойынша 500-ден астам ғылыми жо­ба орындалады.
Жалпы, бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру бойын­ша 3 жылда жүзеге асырылып жатқан жо­балардың бюджеті 7,7 млрд теңгеден аса­ды.
ҚазҰУ дәстүрлі түрде ғылыми ма­қа­ла­лар бойынша көшбасшы болып, рей­тингтік басылымдардағы әрбір бесінші қ­азақстандық жарияланым ҚазҰУ ға­лым­дарына тиесілі. 2020 жылы университет бе­делді Web of Science деректер қорының «Ғы­лым көшбасшысы» сыйлығының үш но­минациясына ие болды. Университеттің 5 ғылыми журналы халықаралық деректер қорына енгізілген. Біздің ғалымдардың жиынтық Хирш индексі 2 700-ден асты.
Жас ғалымдарды қолдау жүйесі жұ­мыс істейді, «ҚазҰУ-дың үздік жас ға­лымы» байқауы және «Фараби әлемі» сту­денттер конференциясы өткізіледі. Жыл сайын 15-ке жуық қызметкер жас дарынды ға­лымдарға арналған мемлекеттік ғылыми сти­пендияның иегері атанады.
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми кон­ференциясы аясында студенттік бизнес-ин­кубаторлардың үздік студенттік ин­но­вациялық жобаларының байқауына сту­денттердің 60-тан астам инновациялық жо­басы ұсынылды. Байқау қорытындысы бойын­ша 9 жоба іріктеліп, дипломдармен жә­не ақшалай сыйлықтармен марапат-талды.
Инновациялық жобалар табысты іске асырылып жатыр және шағын се­рия­лы өнімдер шығару бойынша 10-нан ас­там ғылыми ауқымды өндірісқұрылды. Біз­дің ғалымдар COVID-19-дың алдын алуға да белсенді қатысып, жергілікті өсімдік ши­кізаты негізінде дәрілік препараттардың ша­ғын тонналық өндірісі және дезин­фек­циялық жуу құралдарын шығару өндірісі ұйым­дастырылды.
Британдық AVEVA Group plc ком­па­ния­сымен бірлесіп Инженерлік жо­балау орталығы құрылды. Бұл – компания­ның Орталық Азия өңіріндегі алғашқы өкілі.
Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Коммерциялық емес акционерлік қо­ғамға өтті. Білім және ғылым министрі бас­таған Директорлар кеңесі құрылды. Оның құрамына экономика, ғылым, сая­сат­тану, әлеуметтану және медиа саласындағы та­нымал мамандар кірді. Корпоративтік бас­қарудың ең озық технологиялары енгі­зіліп жатыр. Корпоративтік басқарудың перс­пективалық моделі құрылуда, сондай-ақ олар­ды кейіннен цифрландыру үшін бизнес процестерді оңтайландыру басталды. Бұл үдерістер – академиялық қауымдастық пен Бі­лім және ғылым министрлігінің бірлескен жұмысының заңды нәтижесі.
Тұтастай алғанда, елімізде жоғары оқу орны академиялық еркіндігі дәйекті түр­де кеңейіп келеді, бұл академиялық сая­сатты дербес айқындауға, білім беру сапасын жә­не түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру үшін инновациялық білім беру тех­нологияларын енгізуге мүмкіндік береді.
Биылдан бастап еліміздің барлық жо­ғары оқу орындары өз үлгісіндегі дип­ломдарды беретін болады. Әрине, бұл әр уни­верситеттің жауапкершілігін талап етеді жә­не дипломдарымыздың танымалдығын арт­тырады.
Оқытушылардың мәртебесі және олардың университеттің дамуына қос­қан үлесі арта бастайды. Ол үшін әріптес­те­рі­мізді алдыңғы қатарлы білім беру тех­но­логияларын пайдалануға, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге және қала мен мемлекет деңгейінде қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуға бағыттаймыз.
Біздің оқытушылардың халықаралық қауымдастыққа бірігуіне де үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының бас­тамасы бойынша Білім және ғылым ми­нистрлігі тарапынан жыл сайын 500 қа­зақстандық ғалым шетелдік тағылымдамадан өтетін болады. Бұл біздің оқытушылар үшін де бірегей мүмкіндік, сондықтан университет белсенді қатысатын болады.
АҚШ-тың Уейн университетінің про­фес­соры, математик ғалым Уалбай Өмірбаев пен Ұлыбританиядағы Кембридж университе­ті­нің профессоры, нейробиолог Базбек Дәу­летов сияқты профессорлар шақырылып, олар өз дәрістерін бере бастады.
Университеттің 400-ден астам оқы­ту­шысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері, бұл елдегі гранттардың жалпы санының 20 пайызы. Бұл өз кезегінде әлем­нің жетекші жоғары оқу орындарында – Гарвард, Йель, Стэнфорд, Берклиде ғылыми та­ғылымдамадан өтуге, халықаралық кон­ференцияларға қатысуға, іргелі ғылыми зерт­теулер жүргізуге және монографиялар мен оқулықтар жариялауға мүмкіндік берді.
Материалдық-техникалық базаны жаң­ғырту – университет қызметі­нің басты бағыттарының бірі. Университетте 6 мың орындық 17 студенттік жатақхана және 18 оқу-зертханалық корпус бар. Көп­те­ген ғимарат жаңартуды қажет етеді. Оқы­тушылар мен студенттердің қазіргі заманғы әрі қолайлы жағдайларда жұмыс істеп, оқу керек екенін түсінеміз. Сондықтан тек бюд­жеттік қаражатқа ғана бағдарланбай, оқу корпустарын, жатақханаларды (800-1000 орын) және қызметкерлерге арналған тұр­ғын үйлерді салу жоспарланып отыр.
Қаңтардың алғашқы аптасында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын» жария­лап, «Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезі­неміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бер­мейтін баға жетпес бақыт» деп атап өт­кен болатын.
Осыған сәйкес, қоғамдық және әлеу­ме­т­тік-мәдени белсенділікті арт­тыру мақсатында және карантин шараларын ескере отырып, шетелдік және отандық же­текші ғалымдардың қатысуымен ел Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына арналған 20-ға жуық республикалық және халықаралық іс-ша­ра өткізілді.
Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған
«О.Сүлейменов – ақын және азамат», «Қа­зақ­­стан Рес­публикасы мемлекеттік тәуел­сіз­дігі қа­лыптасуының саяси-құқық­тық жә­не эко­номикалық мәселелері: та­ри­х­ы жә­не қазіргі ке­­зеңі» атты халық­ара­лық ғы­лыми-прак­ти­ка­лық кон­ферен­циясы ұйым­дас­тырылды.
Тәуелсіздік жылдарындағы ҚазҰУ ұжымының ауыз толтырып айтатын же­тістіктері жетерлік. Мұның бәрі оңай­лық­пен, өзімен-өзі келген жоқ. Бұл тек бір ұрпақ­тың ғана емес, бұл сонау өткен ғасырдың 30-жылдары осы университеттің іргетасын қалап, жоғары оқу орны ретінде тұсауын кескен тұлғалардың еңбегі. Содан бері – 87 жыл бойы осы ұжымда аянбай қызмет еткен мыңдаған ғұлама ғалымның ізденісінің нәтижесі. Сол ұстаздардың қазіргі толқынының мәртебесін арттырып, «ҚазҰУ оқытушысы», «ҚазҰУ профессоры» деген ардақты аттың статусын көтеру қолға алын­ды. Бұл орайда ұстаз ғалымдардың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға, оқытушы мамандығының беделін арттыруға көңіл бөлу қажет. Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің үшінші отырысында сөйлеген сөзін­де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындары оқытушылары­ның жалақысын арттыруды тапсырды. Осыған сәйкес, наурыз айында оқу орда­сындағы жалақысы 20 пайызға өсті. Бұл қолдау алда да жалғасын таба береді.
Университет ғалымдары Тәуелсіздік кезіндегі құқық, түркология, шығыс­тану, тарих және басқа салалардың дамуына арналған кітаптар дайындауда. Тәуелсіздікке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайрат­керлерімен «Отыз жылдыққа отыз апталық» жобасы жоспарланып, танымал тұлғалардың лекциялары өтіп жатыр.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің құрметіне «Елбасы саябағы» ашы­лып, 300-ге жуық алма, шие, өрік ағашы отыр­­­ғызылды.
Бұдан бөлек, қалашықта «Ағаштар аллеясы» бой көтерді. Онда ұжыммен бірге жалпы саны 300-ден астам қырым қара­ғайы мен алтай шыршасы студенттер игілігіне тарту етілді. Ғылым қызметкерлері кү­нінде Сиверс алмасының 100-ге жуық кө­шеті егіліп, ол «Ғалымдар бағы» деп аталды.
Қазір оқу ғимараттарында, жатақ­ха­на­ларда күрделі жөндеу жұмыстары бас­талды. Бұйыртса, оқу жылы басталған сәтте оқытушыларымыз бен білім алушы­ларды заманауи аудиторияларда қарсы алуды көздеп отырмыз.
Ұжымның бұрынғы тамаша дәстүрін сақтай отырып, оларды жаңа ұста­ным­дармен, озық талаптармен ұштастырып, университеттің жақсы атын алыс-жақын шет елге таныту – басты мақсаттарымыздың бірі. Сондықтан Елбасы, Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттерді өз дәре­жесінде атқарып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне лайықты тарту жасаймыз деген ойдамыз.

Back to top button