Ақтөбе базарларындағы қарбыздан нитраттың шамадан тыс мөлшері анықталды

Ақтөбе базарларындағы қарбыздан нитраттың шамадан тыс мөлшері анықталды

Ақтөбе базарларындағы қарбыздан нитраттың шамадан тыс мөлшері анықталды
ашық дереккөзі
Ақтөбе базарларына оңтүстіктен келетін қарбыздардың құрамынан нитраттың шамадан көп мөлшері табылды, деп хабарлайды informburo. Қалаға жеткізілген жемістің алғашқы партиясына экспресс тестілеу жүргізген мамандар нитрат мөлшері қалыпты нормадан үш есе көп екенін анықтаған. Бұл – адам денсаулығына өте қауіпті. Мұндай концентраттағы қарбыздан ішек ауруларының асқынуы, тіпті улану қаупі бар екен. Әдетте қарбыз бен қауын құрамында нитраттың қалыпты мөлшері бір келісіне 60 миллиграмм болуы керек. Сондықтан қаладағы коммуналды базарда жемістің бұл түрін сатуға әзірге рұқсат жоқ.
– Қарбыз Шардарадан келіп жатыр. Бүгін келді мінекей. Анализдері жақсы шықты. Жеуге болады әрине. Жақсы болғаннан өтіп тұр. Келгені бір Газел. Үш тоннадай. Содан қалғаны мынау ғой енді. Мамандар ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі тек шілде айының соңында жеуге жарамды болатынын айтады. Ал нитратсыз өсуі қиын қарбызды ерте пісіру үшін шаруалар түрлі қоспаларды пайдалануға мәжбүр екен. Сондықтан тәтті жемісті шілде-тамыз айларында тұтынған жөн, дейді саудагер Әтіргүл Ақабаева.