Жаңалықтар

Қазақ тіліндегі сапалы мультимедиалық контентті қалыптастыру – партияның сайлауалды уәделерінің бірі

ашық дереккөзі

Қазақ тіліндегі сапалы мультимедиалық контентті қалыптастыру – партияның сайлауалды уәделерінің бірі

Елордада көптен күткен жыл премьераларының бірі – болашақтықтар қазақ тіліне дубляждаған Pixar студиясының «Лука» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Осыдан тура 10 жыл бұрын 2011 жылдың маусым айында Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен алғаш рет қазақстандық кинопрокатқа ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне дубляждалған Disney студиясының «Көліктер 2» анимациялық фильмі шықты Содан бері еліміздің кинотеатрларында Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures және т.б. әлемнің жетекші киностудияларының қазақ тіліне дубляждалған 35 фильмі көрсетілді. Жобаның арқасында қазақ тілі дубляжда түрік тілінен кейінгі екінші түркі тілі және «Walt Disney» компаниясының тарихында 39-шы тіл болды. 100-ден астам отандық актер «Walt Disney Pictures»-тің дауыстық базасына енді. «Лука» мультфильмі – «Nur Otan» партиясының, сондай-ақ жанашыр демеушілер мен меценаттардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Өзіңнен баста» жобасы аясында «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен дубляждалған 37-ші картина. Жобаның идеялық ынталандырушысы – «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.