ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір салынбақ

ШҚО-да жаңадан салынатын автомобиль көпірінің орнына капсула салу рәсімі өтті.

Бұл туралы «ҚазАқпарат” хабарлады.

ШҚО Күршім ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы басталды.

cc6925b0 dfa9 4e12 9405 ee4d5f2e341d

Қос жолақты автомобиль көпірі Құйған ауылының жанындағы жасанды су қоймасы учаскесінде салынып жатыр. Құрылыстың ұзындығы 1,3 шақырымнан асады. Құрылыс мердігері «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысты 2024 жылға дейін аяқтауы тиіс.

– Жобаның стратегиялық маңызы бар. Ол шекара маңындағы аудандарды облыстың басқа өңірлерімен байланыстырады, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов капсула салу рәсімінде.

Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Back to top button