Риддерде көпқабатты үйден өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бес қабатты үйден өрт шықты. 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды 24.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Белгілі болғандай, өрт бесінші қабатта орналасқан пәтерде тұтанған. Құтқарушылар жалынды сөндіруге кірісіп, подъезден тұрғындарды эвакуациялады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жалпы саны 20 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге көшірді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер 13 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығуына тоңазытқыштың ақауы себеп болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Back to top button