Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді
ашық дереккөзі
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді. Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алматы, біз келдік. 18 маусымда турнирде кездескенше", - деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түскен суретін жариялады.
Vesti.kz порталының мәліметінше, 18 маусым, жұма күні "Алматы Аренада" Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 лигасының аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болмақ.