Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді. Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Алматы, біз келдік. 18 маусымда турнирде кездескенше», – деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түскен суретін жариялады.
Vesti.kz порталының мәліметінше, 18 маусым, жұма күні «Алматы Аренада» Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 лигасының аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болмақ.