Қостанай тұрғыны көшенің қақ ортасында әйел адамды мерт қылды

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйел адамды мерт қылды деген күдікпен Қостанайдың 37 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Қазір оның кім екені анықталып жатыр.

– Қылмыс Баймағамбетов көшесінде болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері анықталуда», – дейді департамент.

Back to top button