Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында келесі айда өткізуге жоспарланып отырған Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының күн тәртібі қарастырылды.
Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі, сондай-ақ, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту, портфельді және тікелей инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма берді.