Партияның ықпалымен көпбалалы ана баспаналы болды

Партияның ықпалымен көпбалалы ана баспаналы болды

Партияның ықпалымен көпбалалы ана баспаналы болды
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалына Созақ ауылының тұрғыны, көп балалы, жалғызбасты ана тұрмысы төмен екенін алға тартып, демеушілер есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етуге көмектесуді сұраған.

Өтініш иесі аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Бегімбет Байғараевтың қабылдауында болды. Қабылдаудан кейін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық мәслихатының депутаты,  мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяпов, «Науайы» бастауыш партия ұйымның төрағасы М.Бабаев, «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері қайырымдылық жасап, жалғызбасты анаға үй салып берді.  width= Төрт бөлмелі үйге ауыз су тартылған, жылу жүйесі орнатылған. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Ауласы да әрленген. «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының бастамасымен жаңа баспанаға ие болған жалғызбасты ана жерлестеріне алғыс білдіріп, қоныс тойын тойлады.