Жаңалықтар

Партияның ықпалымен көпбалалы ана баспаналы болды

ашық дереккөзі

Партияның ықпалымен көпбалалы ана баспаналы болды

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалына Созақ ауылының тұрғыны, көп балалы, жалғызбасты ана тұрмысы төмен екенін алға тартып, демеушілер есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етуге көмектесуді сұраған. Өтініш иесі аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Бегімбет Байғараевтың қабылдауында болды. Қабылдаудан кейін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық мәслихатының депутаты,  мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяпов, «Науайы» бастауыш партия ұйымның төрағасы М.Бабаев, «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері қайырымдылық жасап, жалғызбасты анаға үй салып берді.