Елді мекен ауызсумен қамтылды

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалына Алпамыс батыр  ауыл округінің тұрғындары ауызсу  мәселесі  бойынша өтініш білдірген.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарының өтінішімен егжей-тегжейлі танысты. Артынша «Халыққа көмек» жобасы аясында елді мекенге таза ауызсу жүйесіннің құрылысын жүргізу бойынша конкурс ұйымдастырылып, Барат ЖШС мердігер компания жеңімпаз болды.

Қазір Ақжол елді мекеніне таза ауызсу жүйесін жүргізу бойынша 400 миллион қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

rtverove

 

Back to top button