Дариға Назарбаева балабақша қызметкерлерінің жалақысы туралы мәселе көтерді
Дариға Назарбаева балабақша қызметкерлерінің жалақысы туралы мәселе көтерді
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысының төмен екенін алға тартып, Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Депутат биылғы 10 ақпанда мектепке дейінгі жеке меншік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру мәселесі бойынша Үкіметке жүгінгенін еске салды. Атап айтқанда, депутат балабақшалардың жеткіліксіз қаржыландырылуына наразылық білдірді.
Назарбаева Үкіметтің жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау, салық төлеуден босату, шығындарды жабу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ жалақыға үстемеақы төлеу бойынша шаралар қабылдағанын атап өтті. Алайда мұндай жеңілдіктер барлық мекемелерге жасалмаған.
Дариға Назарбаева мекемелерді қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде неге ескерілмегенін сұрады және қосымша ақпарат беруді сұрады.