СҚО Экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды
СҚО Экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментін Азамат Бектасов басқарады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Жаңа басшыны ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов таныстырды.
Азамат Бектасовтың экология саласында тәжірибесі бар.
Ол 2014 жылдан 2020 жылға дейін бас маман, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, экология департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болды.
Облыстың жаңа бас экологы әлеуметтік желідегі парақшасында байланыс телефондарын жазып, жетекшілік ететін салаға қатысты мәселелер бойынша диалогқа ашық екенін мәлімдеді.
"Біздің басты мақсатымыз – қоршаған ортаны қоғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Солтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ресурстарын сақтау. Мен үшін азаматтардың барлық өтініштері мен тілектерін білу және оларға дер кезінде жауап беру өте маңызды. Мен экологиялық сипаттағы барлық мәселелер бойынша ашық диалогқа дайынмын. Байланыс деректері: (7152)46-18-85; 8-702-542-43-48, е-mail: sko-ecodep@ecogeo.gov.kz", - деп жазды ол.