Жаңалықтар

Әзілкеш Нұрлан Сабуров Степногорск қаласының әкімі лауазымына ұсынылды

Степногорcк қаласының белсенді тұрғындары Нұрлан Сабуровқа қала әкімдігіне сайлауға түсуді ұсынды, деп хабарлайды Politic.

Жергілікті тұрғындар оның жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалайды.

«Қалаға заманауи көзқарасы бар басшы қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қазақстанда креативті индустрияға, креативті экономикаға инвестицияларды дамыту қажет», – деп қосты қала тұрғындары.

Еске сала кетейік, Степногорск тұрғындары улы заттарды қайта өңдеу зауытының құрылысына қарсы шығып, Нұрлан Сабуровтан қолдау сұраған болатын.

Сабуров өзінің Instagram парақшасында «Біз Степногорск улы заттарды қайта өңдеуге қарсымыз» деген пікір жариялап, ел Президентін, зауыт салуға ниетті компанияны, Степногорск әкімдігін белгілеген болатын.

Back to top button