Белгісіз біреулер Баянауылдағы қола дәуірінің археологиялық ескерткішін қиратып кеткен

Баянауылда белгісіз біреулер Кемпіртас археологиялық ескерткішін қиратып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты журналист Салауат Игілік Instagram-дағы парақшасында жазды.

2021 06 16 14 05 37

Павлодар педуниверситетінің директоры Тимур Смағұлов қанша аумаққа залал келгені әлі белгісіз екенін атап өтті. Кемпіртас – облыстағы ең қызықты археология ескерткіштердің бірі. Бұл ежелгі қабірлер туристер мен демалушылардың ең көп келетін орны саналады.

Облыстың ПД-да аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Аудандық полицияның жедел-тергеу тобы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оқиға орнына шықты. Мән-жайлар мен себептер анықталуда», – деді полиция.

Back to top button