Белгісіз біреулер Баянауылдағы қола дәуірінің археологиялық ескерткішін қиратып кеткен
Баянауылда белгісіз біреулер Кемпіртас археологиялық ескерткішін қиратып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты журналист Салауат Игілік Instagram-дағы парақшасында жазды.
Павлодар педуниверситетінің директоры Тимур Смағұлов қанша аумаққа залал келгені әлі белгісіз екенін атап өтті. Кемпіртас - облыстағы ең қызықты археология ескерткіштердің бірі. Бұл ежелгі қабірлер туристер мен демалушылардың ең көп келетін орны саналады.
Облыстың ПД-да аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатқаны нақтыланды.
Аудандық полицияның жедел-тергеу тобы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оқиға орнына шықты. Мән-жайлар мен себептер анықталуда", - деді полиция.