ШҚО-да үш жасар екі бала шұңқырға құлап қаза тапты

ШҚО-да үш жасар екі бала шұңқырға құлап қаза тапты

ШҚО-да үш жасар екі бала шұңқырға құлап қаза тапты
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада екі бала өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Өскемен қаласында 2018 жылы туған 3 жасар қыз бала көз жұмды. Ол жеке үйдің ауласындағы шұңқырға құлап кеткен. Тағы бір қайғылы оқиға Глубокое ауылында болған.
"9 маусымда Глубокое аудандық полиция бөліміне 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Кәріз құдығының қақпағы төңкеріліп, бала құдыққа құлаған, алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деп нақтылады полициядан.
ШҚО ПД деректері бойынша, осы екі факт бойынша материалдар белгіленген тәртіппен тіркелген, сараптама тағайындалған, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданатын болады.