Германия 2025 жылға дейін кванттық технологияға 2 миллиард евро инвестиция салмақ

Германия канцлері Ангела Меркель федералды үкімет алдағы төрт жыл ішінде кванттық технологияға 2 миллиард евро инвестициялайды деп уәде берді.

«Германия әлем бойынша кванттық технологияларды зерттеу саласындағы көшбасшылардың бірі», – деді Меркель IBM концернінің кванттық компьютерін іске қосу рәсімінде. – «2025 жылға дейін біз осы салаға инвестиция ретінде қосымша 2 миллиард евро бөлеміз».

IBM мәліметтері бойынша Энингенде іске қосылған компьютер Еуропадағы ең қуатты коммерциялық кванттық компьютер болмақ.

Back to top button