Жаңалықтар

Қаржы министрі Ұлттық қорда қанша ақша барын айтты

ашық дереккөзі

Қаржы министрі Ұлттық қорда қанша ақша барын айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорда қанша ақша барын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. Министрдің сөзінше, қор жинау, күшейту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. – Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі – Ұлттық қор. Оның активтері биыл 1 маусымда 27,6 трлн теңге, оның ішінде валюта портфелі – 58,5 млрд доллар болды. Айта кетейін, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті, – деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.