Жаңалықтар

Словения билігі елде індеттің аяқталғанын мәлімдеді

ашық дереккөзі

Словения билігі елде індеттің аяқталғанын мәлімдеді

Словенияның Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіден бастап елде COVID-19 эпидемиясының аяқталғанын жариялады, бірақ халықты вакциналау және кейбір шектеу шаралары жалғасады, деп хабарлайды РИА НОВОСТИ. Министрліктің мәліметінше, соңғы тәулікте елде коронавирус жұқтырған 112 адам анықталды, екі науқас қайтыс болды. 551 906 ересек азаматта толық иммунитет қалыптасты. Ауруханаларда 122 науқас бар. "Ертеңнен бастап Словенияда індет ресми түрде аяқталды, бірақ коронавирусқа қарсы күрес әлі аяқталған жоқ. Сонымен, вакцина эпидемияны бақылаудың негізгі шарасы болып қала береді", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Янез Поклукар.