Қаскелең Алматыға қосыла ма?

Қаскелең Алматыға қосыла ма?

Қаскелең Алматыға қосыла ма?
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов оңтүстік мегаполисті дамыту жоспары туралы айтты. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, сәулетші Қаскелең қаласының Алматының құрамына кіруі және осы орайда мегаполис шекарасын түзетуге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ол салынып жатқан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ішіне кіретін жерлерді Алматы қаласының құрамына енгізу туралы мәселені түсіндірді.
"Бұл – ерекше қала құрылысын реттеу аймағы. Ол Алматы облысы жатады, біз қазір оны салуға болмайтыны туралы сөйлесіп жатырмыз, себебі ерте ме, кеш пе ол қалаға кіреді. Мүмкін 10 жыл емес, 20, 30 жылдан кейін шығар. Бұл агломерация мәселесі, қазір Үкімет осымен айналысып жатыр. Елбасының тікелей тапсырмасы бар, қала қолданыстағы шекаралар шегінде дамуы тиіс. Себебі мұның әлеуметтік қана емес, сонымен қатар, экономикалық салдары бар", - деді Ахмеджанов.
Сондай-ақ ол Алматы мен Қаскелең, Алматы мен Талғар арасындағы шекара жақындап келе жатқанын айтады.
"Бір нәрсе айтайын, егер ғарыштан қарасаңыз, бізде Талғар мен Қаскелең жақта шекара қалмады. Ол енді қаланың емес, агломерацияның мәселесі", - дейді басқарма басшысы.