Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын. Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Корам ауылының 54 жастағы тұрғыны А. Демесінов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз сағат 18:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мектептен қайтып келе жатқан 4 оқушыны көлік қағып кеткен еді. «Уаз» автокөлігі жол жиегінде тұрған 8 жасар екі және 9 жастағы екі қызды қақты. Артынша Корам ауылының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол көлікті мас күйінде жүргізген. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға түсті. 14 наурыз күні бірінші оқушы, 4 сәуір күні екінші оқушы есін жимастан көз жұмды.