Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде

Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде

Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде
ашық дереккөзі
Петропавлда полицейлер мен волонтерлер шамамен екі жастағы баланың туыстарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шамамен екі жастағы балақайды кешкі сегіздерде Жұмысшы кентінен тауып алған. Жеке үйлер секторы ауданында жүгіріп жүрген баланы байқап қалған жергілікті тұрғын баланы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырады. Ювеналдық полиция қызметкерлері балақайға киім-кешектер, аяқ-киім және басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде. – Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе “102” арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Тәрбие беру, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Сондай-ақ балаларының қараусыз жүруіне әкеп соғатын ата-аналардың жауапкершіліксіздігі ата-ана құқығынан айыру мүмкін, – дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.