Жанболат Мамайдың жақтастары Azattyq Rýhy тілшісіне жұдырық ала жүгірді (видео)

Жанболат Мамай мен оның жақтастары Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұдырық ала жүгірді. Бұл оқиға қоғам белсендісі өткізген баспасөз конференциясында орын алды.

Баспасөз жиынына келген журналистің қай ақпараттық агенттігінен екенін білген бойда, Ж.Мамайдың жақтастары агрессия танытып, жанжал шығарған.

Жанболат Мамай осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде сот процесі аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихаты өтетінін жариялап, оған барлық мүдделі журналистерді шақырды. Алайда Ж.Мамай белгілеген орынға келген кезде қоғам белсендісінің әйелі Инга Иманбай БАҚ өкілдеріне конференцияның онлайн режимде өтетіндігін мәлімдеді.

Azattyq Rýhy тілшісі Әмірболат Құсайынұлы Жанболат Мамайдан баспасөз жиынының неге аяқ асты онлайнға көшкенін сұраған. Бұл сұраққа белсенді таңданысын білдіріп, әйелі Ингамен сөйлесіп, журналистерді кабинетке шақырып, барлық сұрақтарға жауап беретінін айтады.

Алайда кабинетте өзін таныстырған журналистің қай агенттіктен екенін естіген бойда түсіру тобын қоғам белсендісі мен оның жақтастары қуып шығуға тырысты. Журналисті жұлқылауға Мамайдың жақтасы Абзал Достияров та қосылды. Ол журналистке шабуылдап, балағат сөздер айтып, оны ашық түрде көшеде төбелесуге шақырды.

mamai

Еске салайық, бүгін Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық соты Бауыржан Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қарсы арызын толығымен қанағаттандырды. Сот айыпталушылар таратқан деректерді шындыққа сәйкес келмейді деп тапты. Қоғам белсендісі таратқан жарияланымдарды теріске шығарып, оны толығымен өшіру керек деп тапты.

 

Back to top button