Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген

Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген

Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген
ашық дереккөзі
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде профилактикалық бақылау мен қадағалауды шағын кәсіпкерлікті тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Ел Президенті бұл туралы Жарлыққа 2019 жылдың 26 желтоқсанында қол қойды. Мораторий шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында енгізілді. Жарлыққа сәйкес, заңнамада көрсетілген өзге жағдайларды қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлікке барумен тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтату керектігі айтылған. Түркістан облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін қорғау бойынша тыңғылықты жұмыстар  атқаруда. Талдау барысында тексерулерді тіркеу сатысында заңдылықты бұзу деректері анықталды. Облыс прокуратурасы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен бірлесіп, заңсыз тексерулерді тіркеу кезеңінде олардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 шағын және микрокәсіпкерлікті  негізсіз тексерудің жолы кесілді. Кәсіпкерлер өз құқықтарының бұзылу деректері бойынша облыс прокуратурасының мобильдік тобының Call-орталығына: 8 (778) 403-34-37, 8 (72533) 4-12-66 телефондары арқылы хабарласа алады.