Ашық аспан астындағы кітапхана

Ашық аспан астындағы кітапхана

Ашық аспан астындағы кітапхана
ашық дереккөзі
Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасын өткізді.
Қаламгерлердің оқырмандармен кездесу кешін халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Даулеткерей Кәпұлы бастады. Өз кезегінде Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев қала тұрғындарының рухани, мәдени сұранысын өтеуге бағытталған осынау шараларды ұйымдастыруға қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.
Шара барысында Ұларбек Дәлей, Олжас Қасым, Алпамыс Файзолла сынды ақындар өлең оқыды. Және дәстүрлі әнші Күнсұлу Түрікпен әсем әннен шашу шашты.
«Аталмыш шара аптаның әр сенбі күндері өтіп тұрады. Алдағы аптада ақын Танакөз Толқынқызымен кездесу өтеді», дейді шараны ұйымдастырушылар.
 width=
 width=