150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?

150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?

150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысы Іле ауданында 150 ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері туралы мәселе көтерілді. «Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері Өтеген ауылындағы Сұлтан Бейбарыс тасжолының бойында өсіп тұрған 150-ден астам сау ересек ағашты кесуге заңсыз рұқсат берген. Балмұздақ шығаратын зауыт қызметкерлері көлік қоя алмайтын болмағандықтан, 150 түп сау ағашты кесіп, орнына автотұрақ жасаған. Ағашты заңсыз кескен компанияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізе ме? Компания мен ағаш кесуге рұқсат берген әкімдік өкілдері жауапқа тартыла ма», - деді сауал иесі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова аталған оқиға бойынша жергілікті деңгейде тексеру басталғанын атады. «Қазір бұл факт бойынша облыстық аумақтық инпекция тергеу жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз», - деді ведомство өкілі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаевтың айтуынша, әзірге ағаш кесуге әкімдік өкілдері рұқсат бергені туралы мәлімет нақтыланбаған. «Рұқсатты кім бергені жайында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кімнің кінәлі екенін, нақты кімнің рұқсат бергенін сол кезде білеміз. Кімнің рұқсат бергені, тіпті рұқсат берілді ме, жоқ па? Әзірге оның бәрі айқындалған жоқ», - деді комитет басшысы.