«Мектеп бітірмей жатып қылмыскер болып шықты». Түлектердің орнына ҰБТ-ға кірмек болған студенттер анықталды

ашық дереккөзі
ҰБТ-да төрт түлектің орнына кірмек болған ЖОО студенттері ұсталды. «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жалған құжат жасаған түлектер мен студенттердің есімін жариялап, бұл жағдайға байланысты елордалық білім беру орталығының өкілдері де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Жалған құжат жасаған, ҰБТ-ға бөгде тұлғаның кіруіне жол берген түлектер мен студенттердің есімі: Сымбат, Әдемі, Нұрислам, Темірлан, Саодат, Дана, Бексұлтан, Нұрлыбай. «Мектеп бітірмей жатып қылмыскер болып шықты. ҰБТ-ға кіргізу барысында 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысты. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылады», - деп жазды ол. Face-ID бағдарламасы арқылы заң бұзғаны анықталған түлектер мен студенттерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.