Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?
ашық дереккөзі
Қазір Қазақстанның вакцина паспорты 3 елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.
- Жалпы қазір көптеген мемлекет ПТР-тестпен қатар вакцина паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Ал бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді», - дейді Дастан Рыспеков.