Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Мейрам Пішембаев Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Мейрам Пішембаев 1959 жылы 29 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі. 2004 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін Мейрам Пшембаев - Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы. 2013 жылдан бастап "Атамекен" ҚР АЭС төралқасы жанындағы машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы. 2007 жылдан 2021 жылға дейін IV, V, VI шақырылымдар парламенті мәжілісінің депутаты болды. "Достық", "Ормет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталды.